Жаңатаста дауыл үйлердің шатырын ұшырды
Бүгін таңертең Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қатты дауыл тұрып, жұрттың үрейін ұшырды.
Екпіні қатты жел қаланың инфрақұрылымына зақым келтіріп, бірқатар үйдің шатырын ұшырып жіберген. Электр бағаналарының сымдары үзіліп, ағаштар қопарылды. Әлеуметтік желілерде қатты дауылға куә болғандардың видеосы таралып жатып. Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімдігі тұрғындарды сыртқа шықпай, мейлінше қауіпсіздік шараларын қаперде ұстауды ескертті. Білім беру мекемелерінің қашықтан оқыту форматына көшкен. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы жағдайдың бақылауда екендігін айтады.
Жанғазы Ахметов, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Атап айтқанда, номері 1 шағын ауданда 32,33,34,35, номері үшінші шағын аданындағы алтынщы, және төртінші шағын ауданындағы номері 15- үйлерге зақым келді. Сонымен қатар бейбітшілік көшесіндегі ту тұғыры құлап аудан аумағындағы электр жарығы уақытша сөнді. Зардап шеккендер жоқ. Аудан әкімдігінде штаб құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Жағдай облыс әкімінің бақылауында.