Жетісу облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Жетісу облысы Кербұлак ауданында республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолында ТЖМ қызметкерлері 71 адамды, оның ішінде 10 баланы қар құрсауынан шығарды.

Қалың қар салдарынан жолда 19 жеңіл көлік пен 2 жүк көлігі тұрып қалған. Барлық құтқарылған жолаушылар Сарыөзек ауылына жеткізілді. Сондай-ақ «Үшарал – Достық» автожолында қалып қойған 2 адамды Көк-тұма станциясына жеткізді. Құтқарылған азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады.