Ақтөбе облысында екі ірі жол апаты тіркелді
«Ақтөбе- Орск» бағытындағы жолда Opel маркалы жеңіл автокөлік қозғалыстың қарсы бағытына шығып, жүк көлігіне соқтығысқан.
Оқиға орнында жеңіл автомашинаның жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды. Ал Мұғалжар ауданында жаппай жол апаты болды. «Ақтөбе-Астрахань» жолының Ақкемер ауылы тұсында он көлік соқтығысқан. Үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Өңірде кешелі бері ауа райы құбылып, қар борап тұр. Сондықтан бұл бағытта көлік қатынасына шектеу қойылған еді. Алайда мамандар апатқа ұшыраған көлік жүргізушілері ескертуді елемей жолға шықты дейді.
Еркін Өтеген, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының шамамен 61 шақырымында он автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Осыған байланысты барлық сыртқы жолдар жабылды. Жол қозғалысына қатысушылар жол ережелерін қатаң сақтап, алыс сапарға шықпауларыңыз сұралады.