Ақтөбеде анасы мен үш баласы көз жұмды
Ақтөбенің Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 33 жастағы әйел мен үш баланың денесі табылды.
Алдын ала болжам бойынша, олар табиғи газдан уланған сияқты. Мамандар: «Қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін», - дейді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, арнайы комиссия құрылды.
Рүстем Өтешов, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі:
- ТЖД және ІІД тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл себеп неден болғандарын сол тергеп тексеру амалдары жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Марқұмдардың отбасына, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Сондай-ақ әкімдік тарапынан қолдау білдірілетін болады.