760 адам қар құрсауынан құтқарылды

Соңғы тәулікте 760 адам қар құрсауынан құтқарылды.

Оның ішінде 36 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ, қарда тұрып қалған 50 көлік шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ал ауыл тұрғындарына ауа-райы нашарлағанда ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Елді мекендерден шықпас бұрын күн райын бағамдап, автожолдардың жай-күйін ескеру қажет. Төтеншеліктер қолайсыз ауа-райында мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан бас тарту және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.