Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде тағы өрт шықты

Бұл жолы көпқабатты кешеннің электр қалқаны өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Нұра ауданы Күлтегін көшесінде орналасқан он қабатты үйде тұтанған қызыл жалын дереу сөндірілді. Оқиға орнына құтқарушылар келген кезде кіреберіс іші түтінге толған. Өрт сөндірушілер жалын ошағына шұғыл су сеуіп, қауіпті жағдайдың алдын алды. Бес адам құтқарылды, оның ішінде 4-еуі – кәмелетке толмағандар. Ешкім зардап шеккен жоқ.