Қарағандыда 2 мотоцикл соқтығысып, 2 адам опат болды
Кеше кешкісін сағат 9-дың шамасында Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде екі мотоцикл соқтығысып, екі мотоциклдің де жүргізушісі опат болды.
Оның бірі - 37-де, екіншісі 17-дегі бозбала. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жетізілді. Мәліметке қарағанда, екі мотоцикл қатар келе жатып соқтығысқан. Полиция жолда тәртіпке бағынып, сақ жүруді ескертеді.
Бекзат Сәулембаев, Қарағанды облысы ПД басқармасы бастығының орынбасары:
- Қарағанды облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен асырмауға және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әсіресе мотоцикл жүргізушілеріне қорғаныс құралдарын (шлем және арнайы жабдық) міндетті түрде пайдалану қажеттігін ескертеді.