52 адамның улануы: Көлік министрі нақты себептерді атады

Фото: depositphotos.com

Пойызда 52 адамның газдан улану дерегіне қатысты көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пікір білдірді, деп хабарлайды «24kz».

Оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында жекеменшік вагонда болған.

«Жекеменшік вагонмен келісім жасалған. Алайда вагонда жылу болмағандықтан, қосымша жылыту жүйесі орнатылған. Одан көмірқышқыл  газын бөлінген. Қазір тергеу аяқталуға жақын, вагон иелері жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде нақты заңбұзушылық бар. Улану фактісі тіркелген. Енді оны  заң аясында дәлелдеу қажет.  Ал, аталған вагон рейстен алынды», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске сала кетейік, Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам газдан уланған болатын. Оның ішінде 10 бала ауруханаға жатқызылып, екеуі жансақтау бөліміне түскен. Олардың барлығы оңтүстіккореялық сериалдың түсіріліміне қатысқан.