Түркістан облысында атасы немересін зорлады деген күдікке ілінді

Фото: depositphotos.com

Түркістан облысы Отырар ауданында ауыр қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті тұрғын өз әкесінің 8 жастағы ұлына зорлық көрсетті деген күдікпен полицияға арызданған.

Аталған дерек бойынша  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Отырар ауданындағы кәмелетке толмаған балаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Алғашқы тергеу іс-шараларының нәтижелерімен заңсыз әрекеттер анықталмады, дене жарақаттары табылған жоқ.

Сонымен қатар барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жалғасуда. Қосымша сараптамалар тағайындалды.
Тергеу нәтижесімен заңнамада белгіленген тәртіппен процестік шешім қабылданатын болады", - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, полиция азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Қазіргі таңда күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екені сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева зардап шеккен баланың арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеді. Оған психологтер қажетті көмек көрсетіп жатыр. Омбудсмен бұл істі жеке бақылауына алғанын атап өтті.