Жасөспірімдер арасындағы 1,5 мың қылмыстың жолы кесілді

Қоғамдық орында болатын қылмыс 22%-ға, көшедегі қылмыс 20%-ға қысқарды.

Азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау мақсатында "Антиколл-орталық" жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 1,6 млн-нан астам жалған қоңыраудың жолы кесіліп, жалпы сомасы 389 млн теңгені құрайтын 766 несиенің рәсімделуіне жол берілмеді. Бұл туралы "Заң мен тәртіп" конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, әсіресе жасөспірімдерді заңсыз  әрекеттерден қорғауға бағытталған "Саналы ұрпақ" және "Тәлімгер" жобалары қолға алынған. Бүгінде 500 мектеп пен колледжде прокуратура және полиция органдарының ардагерлері шәкірттерге тәлімгерлік етеді. Жаңа оқу жылынан бастап білім ошақтарында "Таза Қазақстан", "Заң мен тәртіп", "Еңбек адамы", "Конституция негіздері", "Жеке қауіпсіздік" курстары енгізілді. "Құқық негіздері" пәні жаңартылды. Бұл өз кезегінде баланың заңды біліп қана қоймай, өз қауіпсіздігіне жауап беру, құқық пен міндетті түсінуі күнделікті өміріне қажетті дағдыға айналдыруды көздейді. Соңғы 9 айда психологиялық қолдау орталықтары 17 мыңға жуық бала мен 9 мың ата-анаға консультациялық және психологиялық көмек көрсетіпті. Мұнымен қоса жасөспірімдер арасындағы 1,5 мыңнан астам қылмыстың жолы кесілді.

Сондай-ақ оқыңыз: