Астанада екі жасар баланы көлік қағып, мерт қылды
Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен кішкентай бала қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды «24kz».
Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Бала 1 жас 8 айлық болған.
"Kia Seltos маркалы автокөліктің жүргізушісі, жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.