Таразда жасөспірімнің кесірінен жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Таразда жасөспірім тізгіндеген көлік бағанға соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Полицейлер түнде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған үшін Audi көлігін тоқтатуға тырысты. Алайда жүргізуші оны елемей, қаша жөнелген. Осы кезде машина электр желісінің бетон тірегіне барып соғылды. Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Кәмелетке толмаған тағы екі бала жарақат алды.
Audi көлігін 15 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды. Оның куәлігі де болмаған. Ол ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді.
Полиция қылмыстық іс аясында көлікті кәмелетке толмаған балаға тапсырған көлік иесінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады. Жасөспірімнің ата-анасы да баланы бақыламағаны үшін жауапқа тартылады.