Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп кетті

Астанада қос қабатты ғимараттың шатыры толық жанып кетті.

Оқыс оқиға Алматы ауданы Қосалқа көшесінде тіркелген. Қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 900 шаршы метр. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, өрт аймағынан екі газ баллоны шығарылды. Құтқарушылар нысаннан бір баланы аман алып шықты. Тілсіз жаудың неден тұтынғаны әзірге белгісіз. 

Саят Кәрімов, Астана қалалық ТЖД өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы: 

- Бізге 16 сағат 34 минутта хабарлама келіп түсті. Келіп жеткенде екі ғимараттың жануы анықталды. Бір ғимарат тұрғын ғимараты, екіншісі салынып жатқан ғимарат. Өрт кезінде бір адамды құтқарды. 12 бірлік техника жұмылдырылды.