Астаналық полицейлер өрттен сәбиді алып шықты

Астаналық полицейлер өртеніп жатқан үйден бір жасқа толмаған сәбиді алып шықты.

 Оқыс оқиға 19 мамыр күні Манас көшесіндегі тұрғын-үй кешенінде болған. Оқиға орнына жеткен Астана қаласы Полиция Департаментінің қызметкерлері Нарымбетов Алмас және Абданбеков Жандос алты адамды құтқарған. Оның ішінде екі бала бар. Сондай-ақ 30 адам эвакуацияланды.