Жетісуда жұртты алаяқтыққа тартқан топ ұсталды

Жетісу облысында адамдарды алдап, алаяқтық жүйеге тартқан қылмыстық топ ұсталды.

Олар оңай олжаға батқысы келетіндердің осал тұсын тауып, жеке мәліметтерін заңсыз иеленген. Зардап шеккендердің есепшотына алаяқтық жолмен түскен қаржыны, қолма қол ақшаға айналдырып отырған. Жалпы жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 10 адам ұсталып, алтауының ісі сотқа жолданды.

Ілияс Бескемпіров, облыс прокурорының орынбасары:

- Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 20-дан астам жәбірленушіге 24 млн теңге көлемінде залал келтіріліп, оның 9 млн астам теңгесі өтелді. Облыс прокуратурасы мен облыс полиция департаменті интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау және дропперлік факторлардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.