"Қан ізі бар балта қайдан шықты?": Сәрсемәлиев ісінде жаңа жұмбақ пайда болды

Фото: Ашық дереккөз

Атырауда Жангелдин ауылындағы бір отбасын өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.   Басты айыпталушы марқұм болған отбасының бұрынғы күйеубаласы  Сұлтан Сәрсемәлиев.  Қоғамда резонанс турдырған қылмыстық  істе  жаңа жұмбақ пайда болды. Журналист Жанат Молдашова сот отырысында бұрын айтылмаған маңызды дерек жария болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».


 Оның айтуынша, үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қан ізі бар балта табылған. Алайда бұл айғақ туралы тергеу барысында да, соттың алдыңғы отырыстарында да ашық айтылмаған.

«Бұл балта қайдан шықты? Ондағы қан кімге тиесілі?» деген сұрақтарды көтерген журналист жаңа деректің істегі көптеген күмәнді жайттарға назар аудартқанын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл мәліметтен кейін істің толық мән-жайы әлі ашылмаған болуы мүмкін деген пікір білдіріп, жаңа сұрақтар қоя бастады.