Мыңжылқы шатқалында туристер құтқарылды
Олардың бірі 19 жастағы бозбала жартастан құлап мертіккен.
Мамандар оны 3000 метрден астам биіктен алып түсті. Қазір дәрігерлердің қарауында. Өміріне қауіп жоқ. Құтқарушылар тағы үш адамға төмен түсуге көмек берген. Жалпы Мыңжылқы шатқалы Алматы қаласының Медеу ауданына қарайды. Теңіз деңгейінен 3020 метр биікте жатыр. Сол себепті қауіп-қатері көп. Мамандар әуесқой альпинистер мен серуендеп келушілердің абай болуын ескертеді.