Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты 

Қостанай облысы Әулиекөл тасжолында болған көлік апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «24KZ». 

Жол апаты 9 маусымда Құсмұрын ауылының маңында болған. Mazda және Chevrolet cobalt көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алған. 

Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. 

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән - жайлары мен себептері анықталуда, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады»,- деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз