Алматы әуежайында адамдардың үстіне темір құлады

Алматы халықаралық әуежайында адамдардың үстіне темір құрылғы құлады, деп хабарлайды «24KZ».

Куәгерлердің айтуынша, әуежайдағы құрылыс жұмыстары кезінде биіктен құлаған үлкен темір құрылғы адамдардың жанына түскен. 

«Темір құрылғы біз тұрған жерге түсті. Маңайда адамдар көп еді. Олардың арасында қарттар мен балалар да болды », - деді қала тұрғыны. 

Әзірге Алматы әуежайы әкімшілігі ресми ақпарат таратқан жоқ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз