Түркістан облысында сәби дәретханаға түсіп кетті

Түркістан облысында бір жасар бала дәретханаға құлап кетті. Оқыс оқиға Темірлан ауылында болған. 

Жекеменшік үйдің ауласындағы тереңдігі 4 метр дәретханаға құлап кеткен баланы туыстары көріп қалған. Десе де өз бетінше шығара алмаған соң құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оқиға орнына жеткен мамандар арнайы құралдармен сәбиді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. 

Жүсіп Темірұлы, ТЖД өрт байланыс орталығы пунктінің бастығы:

- Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы тұрақты. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД сегіз қызметкері мен бір техникасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметінің үш маманы мен бір қызметкері жұмылдырылды. ТО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және аула аумағындағы қауіпті орныдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескертеді.