Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан мерт болды

Фото: depositphotos.com

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Қалалық полиция депуартаментінің мәліметінше, 10 маусымда Түрксіб ауданында пышақ жарақатынан 12 жастағы жасөспірім мерт болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол бұған дейін жәбірленушімен таныс болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша бұл жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралап жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз