11 адам зардап шекті: Щучинск - Бурабай автожолында Volvo автобусы жол апатына ұшырады

Видеодан алынған кадр

Щучинск - Бурабай автожолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ».

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 маусымда сағат 13:10 шамасында болған.

Астана - Бурабай автожолында демалушыларды курорттық аймаққа апара жатқан Volvo автобусы қарсы бағытқа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы, сондай-ақ Changan көлігіндегі екі адам зардап шеккен. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз