Алматыдағы өрт толық сөндірілді: Кафеден қауіпті баллондар шығарылды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан кафелердің бірінде болған ірі өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды «24KZ». 

112 пультіне түскен түтін туралы хабарламаға сәйкес, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері дереу жетіп, ашық жалынның шыққанын анықтаған. Өрт сөндірушілер күшейтілген шақыру деңгейі бойынша жұмыс істеді.

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан бес газ және екі оттегі баллонын сыртқа шығарған. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алып, жағдайдың ушығуына жол бермеген.

Өрт толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда, – деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Данияр Жүсіпов.