Ақтөбеде көлікте үш адам өртеніп кетті

Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртеніп, үш адам жанып кетті.

Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 112 нөміріне хабар сағат 22:55–те түскен. Өрт сөндірушілер Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетіне шұғыл жетіп, өрт сағат 23:03–те толық сөндірілді.  Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам қызметкер барды. Қазіргі кезде өрттің қалай тұтанғаны анықталып жатыр.