Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор 10 жыл жаза сұрады

 

Алматыда проспектісінде үш адамның өмірін қиған атышулы жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі жалғасуда. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr жүргізушісі Александр Пакты  10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды «24KZ».

 Жол-көлік оқиғасына қатысты кешенді сот сараптамасының қорытындысына ерекше назар аударғым келеді. Сараптама тұжырымына сәйкес, соқтығысу алдында көліктің қозғалыс жылдамдығы сағатына шамамен 115 шақырымды құраған. Қала жағдайында, түнде және алкогольдік мас күйінде көлікті мұндай жылдамдықпен басқаруды жай ғана абайсыздық деп бағалауға болмайды. Бұл - жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін саналы түрде өлім қаупін тудыру. Осылайша, сотталушының көлікті мас күйінде басқарғаны, жол жүру ережесін бұзғаны және абайсыздықтан жәбірленушілердің өліміне себепші болғаны сот отырысында зерттелген дәлелдермен толық расталды, - деді прокурор.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.