Атырауда екі қайық соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Атырауда Жайық өзенінде моторлы қайықтар соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шегіп, түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні сағат 23:35-те болған. Су айдынында MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан. Соның салдарынан екінші қайықтың екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факті бойынша барлық қажетті материалдар жиналып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Осы оқиғадан кейін полиция тұрғындарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз