БҚО-да 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдегендер тергелуде

depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-несие беру саласында жасалған ірі алаяқтық қылмыстар тергелуде, деп хабарлайды "24KZ".

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 4 ақпанында белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасы азаматының атына заңсыз түрде онлайн-несие рәсімдеген.

Тексеріс барысында жәбірленушінің несие алу үшін ешқандай биометриялық деректер ұсынбағаны, ал оның орнына алаяқтық жолмен үшінші бір тұлғаның мәліметтері заңсыз қолданылғаны анықталды.

 

Дәл осындай сызбамен басқа бір микроқаржы ұйымы арқылы да еліміздің азаматтарына заңсыз қарыздар рәсімделген. Алаяқтар қолды қылған қаражатты жасыру үшін дропперлердің (ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе аударуға өз шоттарын ұсынатын делдалдар) есепшоттарын пайдаланып, соңғы адресатқа аударып отырған.

Ресми мәлімет бойынша, аталған микроқаржы ұйымдарының жүйесіндегі шикілікті пайдаланған қылмыстық әрекеттерден 70-тен астам азамат зардап шеккен.

 

Осы орайда қадағалаушы орган азаматтарға киберқауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жалған несиелердің құрбаны болмау үшін мынадай қауіпсіздік шараларын орындау қажет:

Жеке куәлік мәліметтерін, ЖСН-ді бейтаныс тұлғаларға жібермеу;

Саусақ ізі, бет-әлпетті тану (биометрия) секілді цифрлық деректерді күмәнді сайттар мен қосымшаларға енгізбеу;

Банктік карталардың құпия кодтары мен СМС-кодтарды ешкімге айтпау;

eGov порталы арқылы несие алудан ерікті түрде бас тарту (несиеге тыйым салу) қызметін белсендіру.

Қазіргі таңда қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша жестіру шаралары жалғасуда.