Ақтөбе облысында 19 жастағы бозбала найзағай соғып қайтыс болды

depositphotos.com

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ». Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне найзағай түсуі себеп болған. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті жазды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның денесі анықталғаннан кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 Алдын ала мәлімет бойынша, өлім атмосфералық электр тогының әсерінен, яғни найзағай соғуынан болған, – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында қайғылы жағдайдың қалай болғаны және өлімнің нақты себебі белгіленеді.