Алматыда жерасты желілерінен өрт шықты

Фото: Видеодан скрин/aikyn.kz

Алматы қаласының Алмалы ауданында Гагарин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты коммуникацияларынан өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ» .

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, энергетиктер және авариялық қызмет мамандары жедел жетіп, аумақты қоршауға алды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толықтай сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жауға жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.