Серуендеу кезінде сотталушы түрмеден қашып кеткен
Абай облысында сотталушы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен, деп хабарлайды«24KZ».
Полицияның мәліметінше, 31 жастағы ер адам серуендеу кезінде изолятор аумағынан заңсыз шығып кеткен.
Алайда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ол ұсталып, қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Белгілі болғандай, сотталушы бұған дейін зорлау бабы бойынша шартты жаза алған. Биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін сот оның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.
Оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Сондай-ақ сотталушының қашуға әрекеттенгені үшін жаза мерзімі ұзартылады.