Түрген өзенінде су деңгейі көтерілді

Алматы облысындағы Түрген өзенінде су деңгейі көтерілді. 

«Түрген - Асы» автожолының 25-шақырымын су басып, «Түргенсай» демалыс аймағындағы 6 киіз үй су астында қалды. Үлкен Алматы каналының бойындағы облыстық маңызы бар автожолдың 54-шақырымындағы көпірдің су өткізгіш құрылымының жан-жағына төселген топырақты су шайған. Нысан екі жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған еді. Аталған жағдайға байланысты Еңбекшіқазақ ауданында жедел штаб құрылып, туристік аймақтағы демалушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Үлкен Алматы каналының бойындағы облыстық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Шектеу таулы аумақтағы жауын-шашынның күшеюіне байланысты енгізілді.

Талғат Байеділов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі:

- Өзенде су көтерілу фактісі бар. Түрген шатқалына баратын жолдың екі жерін су басқан. Өзенге жақын орналасқан қазақ үйлерді су басқан. Кешеден бері сол 50 шақты туристі эвакуация жасадық.