Астанада көлік көкөніс дүңгіршегіне соғылып, 15 жастағы қыз жарақаттанды

threads.com/@alt_ks__

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады, деп жазады «24KZ». Ведомство мәліметінше, көлік тізгінінде 18 жастағы жүргізуші болған.

Алдын ала анықталғандай, жүргізуші Бөлекпаев көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы бойжеткен жарақаттанды. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыздар.