Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Дүмпу қаладан оңтүстік-шығысқа қарай  257 шақырым қашықта, Қытай елінің аумағында болды.  Астана уақыты бойынша сағат 11-ден 9 минут өткенде Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Зардап шеккендер жоқ. Жер тербелісін көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатында тұратындар ғана сезген.