Белградта қаза тапқан қазақстандық бойжеткен туралы СІМ пікір білдірді
Сербия астанасы Белград қаласында қазақстандық азаматша көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бойжеткен тұрғын үйдің 6-шы қабатынан құлап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Қайтыс болған қыздың туыстары оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді талап етіп отыр.
Марқұмның әкесі видеоүндеу жариялап, орын алған қайғылы жағдайға қатысты күмәні бар екенін жеткізді және қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан көмек сұрады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл қайғылы деректі ресми түрде растады. Ведомство қаза тапқан азаматшаның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.