Баянауылдағы Жасыбай орманы өртенді

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманында өрт шықты.

Қызыл жалынмен күреске 60 адам мен 15 техника және бір тікұшақ жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері, ұлттық парк мамандары, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, өрт ошағы әлі толық сөндірілген жоқ. Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің  бақылауында.