SCAT компаниясының ұшағында болған науқас жолаушы Оманда қалды
Мединеден Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы Оман астанасына шұғыл қонды.
Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Бортта жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған. Оған қажетті көмек көрсетілгенімен, медициналық бақылауға алу үшін әуе кемесінің командирі Маскаттағы қосалқы аэродромға қонуды ұйғарды. Кейін жолаушы дәрігерлерге тапсырылып, ем қабылдау мақсатында Оманда қалды.