Алакөлдегі аралда көмекке мұқтаж болған балықшылар құтқарылды
Жетісу облысында, Алакөл көлінің сол жағалауында ТЖМ құтқарушылары аралда қалып қойған төрт балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Ведомствоның мәліметінше, жағдай Ақши ауылының маңында болған. Қараңғы уақытта көлдегі аралда қалған төрт балықшы жағаға өз бетімен шыға алмай, құтқарушыларға жүгінген.
ТЖМ қызметкерлері төрт балықшыны аман-есен жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, - деп мәлімдеді ТЖМ.
Ведомство азаматтарға су айдындарына шығар алдында ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды еске салды.