Атырауда бір күнде мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші ұсталды

Фото: polisia.atyrau.06

Атырауда бір күнде мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші анықталды. Оның екеуі бұған дейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған, деп хабарлайды 24KZ.

9 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt және Hyundai Elantra көліктерін тоқтатқан. Тексеру барысында екі жүргізушінің де мас күйінде болғаны анықталды.

Тағы үш мас жүргізуші Т. Амандосов көшесі мен Береке шағын ауданында ұсталды. Олар Lada, Kia Soul және Chery Tiggo көліктерін басқарған.

Барлық материалдар мамандандырылған сотқа жолданды. Полиция мас күйінде көлік жүргізген адамның өзіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіретінін еске салды.