Алматыдан 177 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматы тұрғындары жер сілкінісінің 2 балдық дүмпуін сезінді, деп хабарлайды «24KZ».
2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 177 шақырым қашықтықта орналасқан.
Алматы қаласында сезілуі 2 балды құрады. Алматы қаласына қауіп қатер жоқ. Жағдай Алматы Төтенше жағдай департаментінің бақылауында, – деді департаменттің Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Ерген Батпасов.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде мына қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады:
· Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
· Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
· Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
· Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
· Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
· Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
· Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
· Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
· Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
· Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.