FlyArystan Астанадан Құлжаға тікелей рейс ашады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астанадан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа тікелей рейс ашатынын жариялады, деп хабарлайды 24KZ.
Алғашқы рейс 28 қазанда орындалады. Ұшақтар бұл бағытта аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.
Астанадан ұшақ 07:55-те шығып, Құлжаға жергілікті уақыт бойынша 13:20-да қонады. Кері бағыттағы рейс Құлжадан 15:20-да ұшып, Астанаға 14:50-де жетеді.
Астанадан Құлжаға билет құны бір жолаушыға 35 291 теңгеден басталады. Ал кері бағыттағы билет бағасы 40 604 теңгеден басталады.
Стандартты тарифке салмағы 7 келіге дейінгі, өлшемі 56 × 23 × 36 сантиметрден аспайтын бір қолжүк кіреді.
Айта кетейік, FlyArystan бұған дейін Алматыдан Құлжаға рейстер орындап келген. Алматы – Құлжа – Алматы бағыты бойынша әуе қатынасы 2025 жылғы мамырда іске қосылып, қазан айында рейстер жиілігі аптасына үш ретке дейін арттырылған. Бір жыл ішінде бұл бағытқа сұраныс жоғары болғандықтан, 2026 жылы рейстердің жиілігі аптасына төрт ретке дейін көбейтілді.