Шерхан Аймахан Нұрай Серікбайды аса қатігездікпен өлтіргені үшін өмір бойына сотталды
Сот үкімімен Нұрай Серікбайды аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын барынша қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді, деп хабарлайды «24KZ».
Сот Шерхан Аймаханды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды:
-
ҚК 125-1-бабы — «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;
-
ҚК 115-1-бабы — «Сталкинг» (аңду);
-
ҚК 99-бабының 2-бөлігі 5-тармағы — «Аса қатігездікпен жасалған кісі өлтіру».
Бойжеткенді асқан қатігездікпен өлтірген Шерхан Аймахан кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот отбасының азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырып, өлтірушіден моралдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге өндіріп алды.