Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді
Бүгін түс мезгілінде зауыт аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Нысанның ерекшелігі ескеріліп, төтенше жағдай қызметі бар күшті жедел жұмылдырды. Бір сағатта өрт оқшауланып, әрі қарай таралуына жол берілмеді. Зауыт өкілдерінің мәліметінше, сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылғысының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Бұл кезде нысанда жұмыс тоқтап тұрған. Қайта тұтану қаупін барынша азайту мақсатында өрт ошағы болған аумақ сумен салқындатылып жатыр. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту процестері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.