«Оңай ақшаның» зардабы: Есірткі таратқан жастар 7-8 жылға сотталды
Telegram арқылы оңай жолмен ақша табуды көздеген 19 жастағы екі студент мефедрон таратқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «24KZ».
Қылмыстық схемаға қатысқан жастарды ұстау кезінде аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді. Сотта мемлекеттік айыптаушылар олардың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.
Сот үкімімен сотталушылардың біріне 7 жыл, екіншісіне 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.
Осы оқиғаға байланысты прокуратура азаматтарды, әсіресе жастарды бейтаныс адамдар ұсынатын күмәнді «оңай табыс» көздеріне сенбеуге және есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, сақ болуға шақырады.