Ленгірде тұрғынды ұрып-соғып, телефонын тартып алған екі адам қамауға алынды
Түркістан облысының Ленгір қаласында тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған күш қолданған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға түнгі уақытта болған. Екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткен. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған.
Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, – делінген Түркістан облысы ПД хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.