Непал мен Қытай шекарасында екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

Фото: depositphotos.com

Непал мен Қытай шекарасы аумағында табиғи апаттан кейін екі қазақстандық азаматшаны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұған дейін шекара аумағында бір қазақстандық туристің жоғалғаны хабарланған еді. Қазір іздестіріліп жатқан қазақстандықтардың саны екеу екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасы аумағында болуы мүмкін екі Қазақстан азаматшасын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда. Отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: