Алматыда BMW көлігі мен такси соқтығысып, екі адам зардап шекті

Фото: Алматы қаласының ПД

Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы қаласының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, BMW Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен қозғалған. Қиылысқа жеткен кезде такси көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, қажетті рәсімдеу жұмыстарын жүргізді. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: