Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Фото: lada.kz

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеу катері жартасқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 30 тамыз күні сағат 22:56-да Ақтау қаласының 5А шағын ауданындағы «Нұртөбе» бизнес-орталығы маңында болған.

Катер бортында 7 адам болған. Құтқару жұмыстары барысында 5 адам жағаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Қалған екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықтан екі адамның денесі табылып, судан шығарылды» – деп хабарлады Маңғыстау облысының ТЖД.

Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт техникасы және төрт қайығы жұмылдырылды. Оқиға орнына полицияның 10 қызметкері мен төрт техникасы, Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері мен бір техникасы, сондай-ақ жедел жәрдемнің бес бригадасы тартылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: