Құны 1 млн теңгеден асатын алтын ұрлығы үшін күдікті қамалды

Polisia.kz

Өскеменде ломбардтар мен сауда нүктелерінен жалпы құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы «24KZ» хабарлайды.

Оқиға барысында 30 жастағы облыс тұрғыны екі түрлі дүкеннен осындай әдіспен қымбат әшекейлерді қолды еткен. Бірінші рет ер адам ломбардқа келіп, әдейі сатушының назарын басқа жаққа аударған да, витринадан құны 500 мың теңгеден асатын алтын тізбекті ұрлап кеткен.  Бірнеше күн өткен соң басқа сауда нүктесінен осыған ұқсас схемамен құны дәл сондай алтын білезік жоғалған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: