Жетісуда облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты
Жетісу облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Жол-көлік оқиғасы Сарыөзек–Көктал автожолының 110-шақырымында болған. Апатқа екі Chevrolet Cobalt көлігі қатысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, алты адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған бір адам медициналық мекемеге жеткізілген.
Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.