ШҚО тұрғынының бақшасынан 34,9 келі қарасора табылды
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында қарасораны заңсыз өсіріп, сақтаған 48 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарасораны заңсыз өсіру және сақтау фактісін полиция қызметкерлері «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтаған.
Үй мен шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде полицейлер өсімдік тектес зат түйіндерін, кептірілген өсімдік бөліктерін және 40 түп бұтаны тапты. Сараптама тәркіленген заттардың есірткі құралдарына жататынын растады.
Негізгі тәркіленген зат бақшадан табылған. Үй маңындағы аумақта полицейлер тағы 156 түп қарасораны анықтады.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы 34,9 келіні құрады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз